5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы» білім беру бағдарламасы Инженерия, информатика, жаратылыстану ғылымдары және математика саласындағы білім беру бағдарламаларын аккредиттеу агенттігі (ASIIN, Германия) тарапынан 2017 жылғы 29 қыркүйектен 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейін аккредиттеуден өтті. Бағдарламаға «Инжиниринг саласындағы еуробакалавр» (EUR-ACE®) құрметті белгісі берілді.
6В07204 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы» білім беру бағдарламасы Инженерия, информатика, жаратылыстану ғылымдары және математика саласындағы білім беру бағдарламаларын аккредиттеу агенттігі (ASIIN, Германия) тарапынан 2024 жылғы 16 шілдеде аккредиттеуден өтті. Бағдарламаға «Инжиниринг саласындағы еуробакалавр» (EUR-ACE®) құрметті белгісі берілді.
6В07204 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы» білім беру бағдарламасы ASIIN (Германия) агенттігі тарапынан қайта аккредиттеуден өтіп, аккредиттеу мерзімі 2024 жылғы 28 шілдеден 2031 жылғы 30 қыркүйекке дейін ұзартылды. Бағдарламаға «Инжиниринг саласындағы еуробакалавр» (EUR-ACE®) құрметті белгісі берілді.
7М07204 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы» білім беру бағдарламасы ASIIN (Германия) агенттігі тарапынан 2021 жылғы 13 шілдеде аккредиттелді. Аккредиттеу мерзімі 2020 жылғы 26 маусымнан 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін болды.
7М07204 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы» білім беру бағдарламасы ASIIN (Германия) агенттігі тарапынан қайта аккредиттеуден өтіп, аккредиттеу мерзімі 2025 жылғы 26 қыркүйектен 2032 жылғы 30 қыркүйекке дейін ұзартылды.
8D07204 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы» білім беру бағдарламасы ASIIN (Германия) агенттігі тарапынан 2021 жылғы 13 шілдеде аккредиттелді. Аккредиттеу мерзімі 2020 жылғы 26 маусымнан 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін болды.
8D07204 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы» білім беру бағдарламасы ASIIN (Германия) агенттігі тарапынан 2026 жылғы 16 қаңтарда қайта аккредиттелді. Аккредиттеу мерзімі 2025 жылғы 26 қыркүйектен 2032 жылғы 30 қыркүйекке дейін белгіленді.
Білім беру бағдарламаларының рейтингі
6В07204 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы» білім беру бағдарламасы
7М07204 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы» білім беру бағдарламасы
8D07204 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы» білім беру бағдарламасы
2025 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингі бойынша 6В07204 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы» білім беру бағдарламасы 1-орынға ие болды.
Кафедра студенттері мен оқытушылары республикалық деңгейде және шетелде өткізілетін сән іс-шараларына белсенді қатысады. Кафедраның халықаралық және республикалық байқаулар мен сән көрсетілімдеріне, соның ішінде KWV, «Жас Өркен» (ҚР, АТУ) конкурстарына, сондай-ақ республикалық пәндік олимпиадалар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауларына қатысқанын растайтын марапаттары мен дипломдары бар.



















